Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

АСТАНА.KAZINFORM — Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Айта кетелік Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болған еді