Қорғаныс министрінің тағы бір орынбасары лауазымынан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Фото: gov.kz

Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатқан еді.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы;
  • Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
  • Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ал 2026 жылғы 27 қыркүйекте Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатты.

Оның орнына ведомство басшысы болып Айдос Мырзахметов тағайындалды.