Аталған заң жобасын әзірлеу қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларға құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған қарама-қайшылықтарды жоюдың қажеттігінен туындап отыр.
Қазіргі уақытта құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері кіретін заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылуда.
Заң жобасын жұмыс тобында қарап болғаннан кейін одан әрі талқылау үшін Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыра отырып, мемлекеттік органдарға келісуге жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.