Қорғаныс ведомствосының басшысы Әуе қорғаныс күштері, Мемлекеттік сатып алу бас басқармасын, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасын, Армия орталық спорт клубы мен Дене дайындығы бас басқармасын тексерді. Қорғаныс министрі жұмыс нәтижелері және олардың басшылық қойған тапсырмаларды орындауға әзірлігі туралы мекеме бастықтарының баяндамаларын тыңдады.
Жұмыс қорытындысы бойынша бөлімшелердің күнделікті қызметін жетілдіру және оңтайландыру бойынша нұсқаулар берілді. Мекеме басшыларының қаржы-шаруашылық тәртіпті одан әрі нығайтуына назар аударылды.