Қорғаныс министрі Арыс қаласында апта сайынғы инспекция өткізді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында апта сайынғы инспекция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа аймақтағы жедел жағдай туралы, Арысқаласының айналасындағы аумақтарды оқ-дәрілердің бөліктерінен тазартунәтижелері, оқ-дәрілерді шығаруды және жоюды ұйымдастыру, құрама отрядтардыңротациясы, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру бойыншаатқарылған жұмыстар туралы баяндалды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың зардабын жою бойыншақұрама жасақтың күшімен Арыс қаласы мен оған жақын орналасқан қоймаларданоқ-дәрілердің бөлшектері іздестіріліп жатыр және оқ-дәрілер шығарылып, әскериқалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Оқ-дәрілердің бөлшектері Арыс қаласынан 60 шақырымқашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған орынға шығарылып жатыр. Кейін оларжойылады.

Әскери саперлер 1200 шаршы шақырым аумақты тазалапжатыр. Өткен аптада полигонда 3364 оқ-дәрі бөлшегі жойылды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің тапсырмасымен құрамажасақ әскери қызметкерлерінің ротациясыжүргізілді. Олар төтенше жағдайдың салдарын жоюға бірінші болып қатысқан.Олардың орнына жеке құрам келді.

Жұмыс нәтижелері бойынша Нұрлан Ермекбаев азаматтардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты әрі қарай тазартау жұмыстарын сапалыжүргізу және әскери қызметкерлердің қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдайды жеделқалпына келтіру туралы тапсырма берді. Олардың 90% Арыс қаласының тұрғындары.


Айта кетейік, жасақ әскери қызметкерлері Арыс қаласынакелгеннен бастап дезинфекция, санитария, құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарыжүргізілді.