Қорғаныс министрі «Айбалта-2016» оқу-жаттығуы бақылады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. «Шығыс» сынақ алаңында өтіп шараға бірнеше күн бойы Қарулы Күштердің барлық өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері тартылған.

Далалық жағдайда жаттығу шараларын өткізу үшін түрлі өңірдің әскерлері арасы 2- 4 шақырым қашықтықтан болды, олар әрі мүлдем бейтаныс аймаққа әкелінді. Сондай-ақ, «Үшарал» жедел әуежайында жауынгерлік топтар жасақталып, аталған сынақ алаңына шоғырланды.

Бөлімшенің тәжірибелік іс-қимылы барысында тосқауыл-бекеттерде оқшаулаушы-бұғаттайтын шаралар игеріліп, шабуылдау әрекеттері жүргізілді.

Сонымен қатар, Ми-8, Ми-17, Миг-27, Су-30, Су-27, Су-25 ұшақтарына барлаушы-соққы беруші әрекеттер жүргізіліп, әуе десантшыларын түсіру және де әскерилер шаңғыда өзіне белгісіз аймақта жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелерді алға тарту қимылдары өткізілді.

«Шилка» атты зениттік қондырғы әуе атысын жүргізді.

Жаттығу кезінде құрамның 3 мыңнан астам әскери қызметшісі, 900-ға жуық әскери және өзге де техника, 20 шабылдаушы ұшақ және 12 әскери ұшақ жұмылдырылды.

Ең ірі жаттығу қимылдарына өңірлік қолбасшылық басқармасы органдары мен Аэроұтқыр әскерлері, Әскери әуе күштерінің, аймақтық қорғаныс және бригада басқармасының жедел топтары, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің өкілдері және де ІІМ ұлттық ұландар тартылды.

«Айбалта-2016» ең ірі оқу-жаттығуы тұңғыш рет ұрыс кезеңіне барынша жақындатылған жағдайда өткізілгенін айта кету керек.