Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Қытайда ресми сапармен жүр
Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінен хабарлады.
Сейсенбі күні Бейжіңде Ә.Жақсыбеков Қытайдың қорғаныс министрі Лян Гуанлемен келіссөз өткізіп, оның барысында тараптар әскери саладағы істердің жағдайы туралы бір-бірін хабардар етті. Делегациялар сондай-ақ, қорғаныс саласындағы екі елдің өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелері талқыланды.
Сейсенбі күні сондай-ақ министр Ә.Жақсыбеков Қытайдың Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Го Босюнмен кездесті. Тараптар, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған 17 жылдан бері екі ел арасындағы саяси өзара сенімнің үздіксіз тереңдеп келе жатқанын атап көрсетті.
Желтоқсанның 23-інен бастап қазақстандық делегация Шанхай әскери гарнизонының әскери нысандарын аралау жоспарланған Шанхай қаласында жүр.