Қорғаныс министрі Қарағанды облысына сапар жасайды

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілеріне жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етеді. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өңірде әскерилердің 160 отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Саранда - 80 пәтерлік тұрғын үй, Ақтас ауылында - 80 бөлмелік жатақхана пайдалануға берілуде. Министр сапар барысында сондай-ақ, әскерилердің тұрмыстық жағдайларымен және бөлімдердің инфрақұрылымдарымен танысады. Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіру үшін гарнизон әскерилерімен кездесу де жоспарланып отыр. Қорғаныс ведомствосының бастығы сондай-ақ, гарнизонның жеке құрамына Қарағанды облысының қорғаныс істері департаментінің жаңа басшысы Т. Амангелдиевті таныстырады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.