Қорғаныс министрі Конституция күні өтетін парадқа әскердің дайындығын тексерді

АСТАНА. Шілденің  23-і.  ҚазАқпарат -   Қазақстанның  Қорғаныс министрі  Әділбек   Жақсыбеков Конституция күні өтетін      парадқа дайындық барысымен танысу  мақсатында Астанадағы  68665-ші әскери бөлімде  болды,

деп   хабарлады    ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған  әскери бөлімнің  жанына   дала лагері  жайғастырылып,     онда   парадқа қатысушылар     орналастырылған.   Елбасының  тапсырмасына сәйкес,     тамыздың 30-ы -  Конституция  күні Астанада  әскери   парад  болады.

Қазақстан  Қарулы күштерінің   тыл бастығы    полковник Талғат  Жанжүменов  министрге баян  еткендей,     дала лагерінде    елуден  астам  40 орындық   және  жиырма  үш   20 орындық   шатыр   тігілген.    Дала лагерінде  қазақстандық барлық  гарнизондардан  Астанаға    келген    әскердің  барлық түрлеріндегі   офицерлер  мен      келісімшарттық қызметтегі   әскери  қызметкерлер үшін  77 әскери  шатыр   орнатылған.

Әскери қызметкерлер   сапта жүруден  жаттығып жатқан  кезде,     тыл  басқармасы    олар  үшін жаңа  парадтық киім  тігуді  ұйымдастыру  жөніндегі  жұмысты   бастады.