С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында әскери институттар мен мектептерде жоғары дәрежелі оқытушылар білім беруде, онда оқу-материалдық базасы мен заманауи стандарттарға сай жағдайлар жасалған. Сіздер бақыттысыздар. Елбасы, сіздердің ертеңгі күні Отан қорғаны болатындарыңызға сенеді. Біраз жылдар өткен соң сіздер - қазіргі жасөспірімдер мемлекетімізге қызмет ететін боласыздар», - деп атап өтті Қорғаныс ведомствосының басшысы.
Жасұландықтар салтанатты жағдайда Аяз атамен және Ақшақармен бірге Жаңа жылдық шыршаның отын жақты. Оларға министрдің атынан сыйлықтар тапсырылды.