Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу тастады

None
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықтыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласыныңтұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектері мен басқа да күдікті заттар табылғанжағдайда мобильді топқа хабарлап, ешқандай дербес іс-қимыл жасамауды сұрайды. Арыс қаласында тұрғындардыңөтініштері бойынша әрекет ететін инженер-саперлердің мобильді тобы жұмысістейтінін еске саламыз. Мамандар қала аумағында табылған заттарды жинаубойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Инженер-саперлерді шақыру үшін мобильдітоптың аға өкілі күн сайын кезекшілік ететін 102 телефонына қоңырау шалып,орналасқан жерін және басқа да қажетті мәліметтерді хабарлау қажет», - делінгенмнистрліктің хабарламасында.