Қорғаныс министрлігі: «Барыс» көлігі ARMA сияқты суда жүзбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Қазақстанда шығарылатын «Барыс» 8х8» дөңгелекті көлігі мен Түркияның «ARMA» 8х8» беренді көлігінің арасында қандай айырмашылық бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: gov.kz

«Барыс» беренді дөңгелекті машинасы «Арма» сияқты суда жүзбейді. «Барыстың» жауынгерлік модулі 30 миллиметрлік зеңбірекпен жабдықталған. Ал «Армада» 100 және 30 мм зеңбіректер орнатылған және танкке қарсы қолданатын зымыран кешенінде 5 шақырымға дейінгі қашықтыққа ату мүмкіндігі бар. Бұл салыстырмалы түрде оның ату мүмкіндігін едәуір жоғары екенін көрсетіп тұр», - делінген министрліктің ресми мәліметінде.