«Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысандарының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшу жағдайлары көбейіп кетті. Олардың бәрі де уақтылы анықталып жатыр. Осы жылдың 31 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Әскери полиция отрядының әскери қызмекшілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысанының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттың - квадрокоптердің ұшып жүргенін анықтады», - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жедел әрекет тобы осыған қатысты екі азаматты ұстап, қалалық Полиция департаментіне тапсырған.
«Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери нысандардың үстінен БПЛА-ның (квадрокоптер) ұшуы - Қазақстан Республикасының «ҚР әуе кеңістігін қолдану және авиация қызметі туралы» заңының 31 және 33-баптарына қайшы келетінін ескертеді. Аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - делінген хабарламада.
Квадрокоптерді қолдану тәртібі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған.