Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен дрон ұшырғандар ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қорғаныс министрлігі ғимаратының бақылау-өткізу пунктінің аумағында басқарусыз ұшу аппараты (квадрокоптер) анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери полиция тобы квадрокоптер иелерін ғимаратмаңайында ұстап, Нұр-Сұлтан қалалықЕсілауданы полициясыбасқармасының патрульдікқызмет мамандарына тапсырылды.

Қорғаныс министрлігі дрондардың иелеріне «ҚазақстанРеспубликасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚРЗаңымен реттелген әуе кеңістігін пайдалану ережелерін, сондай-ақ дрондардыпайдалану ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Әскериобъектілердің үстімен квадрокоптерлерді рұқсатсыз ұшыру – ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы» ҚК 563-бабына сәйкес, құқық бұзған жеке тұлғаларға 10 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға 20 АЕК айыппұлсалынады.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланужәне авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 33-бабының 3-тармағына сәйкес, ерекшеқорғалатын әскери объектілердің үстінен арнайы құрылғыларды ұшыру үшінмемлекеттік күзет қызметінің келісімі керек.

Қазіргі таңда заңға қайшы әрекеттері үшін басқарусызұшатын құрылғы арнайы жолмен залалсыздандырылып, иелері әкімшілікжауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар