«Бүгінгі таңда офицерлерді марапаттау еселеп артты. Әскери қызметшілердің ақшалай қаражаттары 25%-ке көбейді. Қазір біздің офицерлер алатын ең төменгі жалақы 170 мың теңге, ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретіндер 100 мың теңге алады. Бұрын жалақы айтарлықтай аз болатын», - деп мәлімдеді әділет полковнигі Қайрат Көпбаев.
Департамент басшысы жалақысы көбейгеннен кейін қазақстандық әскери қызметшілердің қызметті өткеруге деген ынтасы арта түскенін тілге тиек етіп, армияға барғысы келетіндердің саны жыл сайын 30 - 35%-ке артып келе жатқанын айтты. «Қазір армияда қызмет ету - абыройлы іс. Сондықтан да кандидаттарды іріктеу талаптарын қатаңдатамыз. Кандидаттардың психофизиологиялық күйіне ерекше мән беріледі», - деді Қайрат Көпбаев.