Korganyz.kz порталына тек әскери мамандардың қызығушылығын оятып қана қоймай, кең аудиторияға арналған Қарулы Күштердің тыныс тіршілігі мен қызметі туралы бейнематериалдар, фоторепортаждар орналастырылған. Бейнеқызмет онлайн-таратылымдар мен бейнеконференциялар жүргізуге, сондай-ақ заманауи технологиялар мен коммуникациялардың әдістерін неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік береді.
Korganyz.kz әскери парадтарды, жауынгерлік оқу-жаттығуларды және өзге де ресми іс-шараларды оn-line режимінде таратуды ұйымдастыру үшін қолданылады. Оны пайдаланушылар әскери-патриоттық тақырыптағы бейне-фотомұрағаттарға оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың көзайымына айналған «Айрықша тапсырма» реалити-шоуын, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен жасалған өзге де арнайы жобаларды тарату жоспарланып отыр.
Korganyz.kz - бұл Қазақстан әскерінің жетістіктері мен әскери адамдардың тағдырына бей-жай қарай алмайтын адамдарға арналған бейне-портал.
Әскери интерет-телевидениені іске қосу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орайластырылып отыр. Бұл мерекенің негізгі идеясы - қоғамды Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуының іргетасына айналған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың маңына топтастыру, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.