«Қостанай облысында ресейлік техниканың қозғалысына қатысты бейнежазбада аталған техникалардың Байқоңырдан іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу бекетіне қарай бағытталған сәті тіркелгенін хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.
Бөлімше Қазақстанда биыл 14 наурыздан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлермен капсула іздестіру мақсатында орналасты.
Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды. Сондай-ақ «Союз МС – 19» әуе кемесі қонды.