Семинарға Қорғаныс министрлігі, Бас штаб басшылығы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты. Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызмет жүйесін қайта құрудың көкейкесті мәселелері туралы баяндама жасады.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», оның ішінде, факторлық-балдық шкала негізінде құрылған еңбек төлемінің жаңа жүйесін енгізу мәселелері тұрғысында ҚР Заңының негізгі жаңа енгізілімдері қаралды.
Одан басқа, Агенттік пен Ұлттық бюроны басқарудың құрылымын оңтайландыру жөніндегі тәжірибе мысалға келтірілді. Аталған жұмыс ең алдымен, 2015 жылы Мемлекет басшысы айтып өткен бес институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде жүргізілуде. Реформалардың алғашқысы қоғамдық және мемлекеттік дамудың барлық салаларында құрылған оператор ретінде кәсіби, автономды және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталғанын айта кеткен жөн.
11:44, 29 Қыркүйек 2018
Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметті қайта құру мәселесі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.