Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Солардың бірі – Стратегиялық талдау және дамытудепартаменті. Департаментке Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу,оның ішінде Қарулы Күштердің құрылысы мен оны дамытуда, еліміздің әскериқауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде тұжырымдамалық тәсілдіүйлестіру тапсырылды.

Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзегеасыру барысында Департаментке қаржы және материалдық ресурстарды, сонымен қосаерекше назар аударуды талап ететін жетекші қызмет бағыттарын талдау жәнеанықтауды бақылау жүктелді.

Қауіпсіздікке қатысты болжанған тәуекелдер менқауіп-қатерді ескере отырып, күш Қазақстан қорғаныс әлеуетінің, ҚарулыКүштердің құрылысының сандық және сапалы өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдердііздеуге бағытталатын болады.

Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады.Оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенішеңберінде стратегиялық жоспарлау ауқымында тәжіриесі бар.

1999 жылдан 2002 жыл аралығында Саидмұрат БапанұлыҚауіпсіздік Кеңесі хатшылығында сектор меңгерушісі, ішкі және әскериқауіпсіздік бөлімінде, сондай-ақ Хатшылық меңгерушісінің орынбасарылауазымдарында қызмет еткен.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында Қауіпсіздік КеңесіХатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. Мемлекеттік марапаттары бар. Атапайтқанда, «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Соңғы жаңалықтар