Құжатта көрсетілгендей, енді Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
«Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен сомасы 1,6 млрд теңге қаржы шығындарын қажет етеді. Жобаның негізгі мақсаты - жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын тиісті мәртебелері бойынша азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін арттыру», - деп Үкімет қаулысына түсіндірме берген Қорғаныс министрлігі.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.