АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йемен астанасы Санада Қорғаныс министрлігіне оқ жаудыру мен жарылыстың салдарынан 29 адам қаза болып, 70-тен астамы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Министрлік жанында жарылғыш зат салынған автокөлік жарылған, содан кейін министрлік аумағындағы аурухана ғимаратының ішінде атыс қарулары қолданылған.
Кем дегенде екі шетелдік медицина қызметкері опат болған көрінеді.
Әзірге бұл шабуылды кімдер жасағаны белгісіз болып отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.