АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталған іс-шараның мақсаты - Қарулы Күштердің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін және ұрпақ сабақтастығы принциптерін белсендіру, сондай-ақ әскери ортада рухани мәдениет пен шығармашылық бастаманы дамыту болып табылады.
Ақпараттық-насихат тобының құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің өнерпаздары бар.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.