Қызыл алаңменен Қазақстан армиясының 70 сарбазы жүріп өтеді. Екі ай бойы саппен жүру шеберліктерін шыңдаған сарбаздар Мәскеуде Мәскеу гарнизоны әскерінің парадқа қатысатын жасақтарының тағы үш жаттығуына қатысады. Ал мамырдың 6-сында Қызыл алаңда басты жаттығу өтеді, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.
«Біз парадқа қатысу құрметіне ие болып отырмыз. Жүктелген міндетті лайықты атқаратын боламыз», - дейді паратқа қатысушы жауынгер Елеман Өтебаев.
«Қазақстан жауынгерлері шайқастарға белсенді атсалысқан, сондықтан да парадқа біздің Қарулы күштеріміз де қатысады. Парадқа шақырылып отырғандықтан еліміз үшін, өз Қарулы күштеріміз үшін мақтаныш сезімін бастан кешіріп отырмыз»,- дейді Қазақстан армиясының парадтық жасағының командирі подполковник Қайдар Қарақұлов.
Алда ресейлік жауынгерлік авиация мен антигитлерлік коалицияға кіретін Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Польша елдерінің және ТМД-ның тоғыз елінің бөлімдері қатысатын бас жаттығу күтіп тұр.