Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды
12:31, 29 Мамыр 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды. Қорғаныс министрлігі «ҚазАқпарат» агенттігіне бұл мәліметті растады.
«2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған мәліметте.