деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың пікірінше, қазір елдегі сауытты техниканы күрделі жөндеу мен оның жаңарту жұмыстарын жандандыруға мол мүмкіндік бар. «Ұлы Отан соғысы жылдарында жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда шығарылып келсе, қазір оның біреуін де шығармаймыз. Сондықтан бұл мәселені жолға қою қажет. Бұған қажетті мүмкіндік те, жағдай да бар. Қорыта айтқанда, біз өзімізге қажетті дүниелерді шығарғанымыз дұрыс. Себебі «жаман айтпай, жақсы жоқ» ертеңгі күні елімізге қандай да бір қауіп-қатер төне қалса, қару-жарақты да оқ-дәріні де ақшаға сатып ала алмай қалуымыз мүмкін. Біз қорғаныс саласындағы өнімдер жөнінде сөз қозғағанда, бірінші кезекте өзіміздің Қарулы Күштерімізге қажетті дүниелерге мән беруіміз керек», деді депутат.