Оқиға «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының «Алтынкөл» кеден бекетінің жолаушылар терминалының залында болды. Барлығы қаракүзен терісінен тігілген 74 тон алынды. Алдын ала есептеулер бойынша, кедендік алымдар мен салық көлемі 3 млн теңгеден асады.
Осыған дейін Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан екі адам қаза тапқандығын хабарлаған болатынбыз.
23:15, 30 Қараша 2018
«Қорғас» арқылы 74 қаракүзен терісінен тігілген тон алып өтпек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтынкөл» кеден бекетінде телевизиялық «Rapiscan» жүйесімен тексеру кезінде Қытайдан Қазақстанға өтпек болған азаматтан 74 қаракүзен терісінен тігілген тон табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.