«Кеше «Қорғас» ШЫХО және «QZ SILK ROAD LOGISTICS» компаниясының басшылығымен кездестік. Кездесу барысында «Қорғас» территориясында жай құрылысын салу мен оны бондтық қойма ұйымдарына жалға беру мәселелерін қарастырдық. Жаңа қойма және ХПАО (халықаралық пошта алмасу орны) жұмысын көктемге қарай реттеуді жоспарлаудамыз», - деді «Қазпошта» басшысы.
Оның жазуынша, бүгінде тиісті құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, С.Сәрсенов қойма жұмысшыларымен кездесіп, олардың еңбек ету жағдайын жақсарту жоспарда бар екенін мәлім етті.
Айта кетсек, аталған шекара маңы халықаралық орталығы арқылы үстіміздегі жылдың қаңтар айында 90 тонна жүк өткізілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүк алмасу көрсеткіші 1 136 тоннаны құрайды.