«28 қараша күні Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға өтетін «Қорғас» ШМЫХО бақылау-өткізу пунктінің жолаушылар терминалы залында теріден тігілген 74 киім табылды. Бұл бұйымдар «Rapiscan» рентген-телевизиялық қондырғысынан өткізу барысында анықталған. Онда күзен терісінен жасалған 20 тон, табиғи теріден жасалған 54 күртеше болды. Олар төсек жабдықтарына оралған» делінген хабарламада.
Алдын ала есептеу бойынша, кеден бажы мен салық сомасы 3 млн теңгеден асады.