Хабарламамаға сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел-тергеу тобының жетекшісі В.Ниді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат сұрап, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотына өтініш берді.
«Қылмыстық тергеу органы 25.11.1968 ж.т. В.В.Ниді ҚР ҚК 366 бабы, 4 бөлімінде қарастырылған сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр қылмысын жасауда күдікті деп санайды. «Қорғас» ХШЫО Президенті және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген тұлға бола тұра, бопсалау жолымен «Қорғас-Тюльпан» ЖШС-ға қатысты инвестициялық тендер нәтижелерін оң шешкені, атап айтқанда халықаралық орталық аумағында 5-класты қонақүй кешенін салу жөнінде осы ЖШС-ны жеңімпаз деп деп танығаны үшін оның өкілінен 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алған», - делінген хабарламада.
Сот шешімімен күдікті В.В.Ниді екі айға қамауға алу түріндегі шара санкцияланды.