«Қорғас ісі» бойынша аппеляциялық шағымдар 8 шілдеде қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Т.Н.Қайрабаев пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс, сотталушылар мен адвокатардың (қорғаушылардың) 2014 жылдың 12 сәуіріндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкіміне байланысты аппеляциялық шағымдар 10 маусым күні ҚР қылмыстық істер бойынша Әскери сотының аппеляциялық сот алқасына түскен, де хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Іс Қазақстан Республикасының қылмыстық істер бойынша Әскери сотының аппеляциялық сот алқасының судьясы А.М.Нұрбековке тапсырылды.

«Қорғас ісі» бойынша сотталушылар мен адвокатардың аппеляциялық шағымдарын қарау 2014 жылдың 8 шілдесі 10.00 кезіне белгіленді. Еске сала кетейік , 2014 жылдың 12 сәуірінде Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Советхан Сәкенов «Қорғас» кедендік бекеті арқылы Қытайдан контрабандалық тауар тасымалдау ісі бойынша үкімді жариялады. Сотталғандар 5 жылдан 17 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыстық іс бойынша 45 адамға айып тағылғаны белгілі. Олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және кедендік органдарда жетекшілік қызмет атқарғандар да болды. Сотталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Кедендік одақтың кедендік шекараларынан аса ірі көлемде экономикалық контрабандалық әрекеттермен айналысқан. Қаржы полициясы және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ірі көлемде пара берген, өмірлеріне қастандық жасауды ойластырған, сонымен қатар билікті, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қызметтік бабын теріс пайдаланған және әдейі заңсыз жолдармен алынған мүліктер және ақшалармен қаржылық операциялар және басқа да мәмілелер жасаған деп айыптар тағылды.