Ғ.Жәшібеков 1959 жылы туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін, РФ ІІМ Академиясын бітірген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында бірқатар басшылық лауазымдар атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет еткен. Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары болған. Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін басқарған. «Алпроф» консорциумы директорлар кеңесінің төрағасы болған. Әділет генерал-майоры.
«Қорғас» Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығы» мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылған акционерлік қоғам болып табылады.