«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА қазақстандық кәсiпкерлерге қыруар пайданың көзiн ашады - Көлiк комитетi
Оның айтуынша, бұл құрылысқа «Қазақстан Темiр Жолы» есебiнен 36,8 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 38,4 млрд. теңге инвестиция бөлу қарастырылып отыр.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында кәсiпкерлерге барлық жағдайлар қарастырылады. Бiрiншiден, салықтық жеңiлдiктер қарастырылған, сондай-ақ алдағы он жылда жер жарнасынан босатылады. Аумақтың iшiнде тиiстi инфрақұрылымдармен қамтамасыз етiлiп, оның iшiнде құрғақ жүк порттары, темiржол кiрме жолдары, көлiк жолдары салынады. Қазiргi уақытта арнайы экономикалық аумақ кәсiпкерлер үшiн ашық, ол жерде визасыз режим iске қосылған. Қазақстандық кәсiпкерлер қытайлық әрiптестерiн шақыра алады. Онда жаңа өндiрiстердi ашу немесе теңiз арқылы келетiн тауарларды осы аумақ арқылы өткiзу мүмкiндiгi жасалды. Жүктердi аумаққа еркiн кiргiзiп, еркiн қабылдауға, оны ары қарай бағыттауға мүмкiндiк алады. Аумақтың басты мақсаты тауарлардың алыс-берiсiн күшейту, өндiрiстердiң шоғырлануына ықпал жасай отырып, Қазақстанның транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн арттыру», - дедi А.Асаубаев.