«Республикалық бюджеттен аталмыш жобаны жүзеге асыруға 36,8 млрд. теңге бөлінген және олардың барлығы инфрақұрылым құрылысына бағытталды. Құрлықтық порт ҚТЖ компаниясының қаражаты есебінен қаржыландырылды. Арнайы экономикалық аймақтың өзі үш бөліктен тұрады - құрлықтық порт, логистикалық аймақ және индустриалды аймақ. Қазіргі уақытта «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына бөлінген 36,8 млрд теңге қаражат толық игерілді», - деді Нұрлан Рахметов.
Оның сөзіне қарағанда, АЭА инфрақұрылымының жоспарланған барлық 68 нысаны пайдалануға берілді.
«Бөлінген 36,8 млрд. теңгенің тек 82,5 млн. теңгесі қазынада қалып отыр. Ол арнайы экономикалық аймақтың басқарудың ақпараттық жүйесін құруға бағытталады», - деп атап өтті ол.
«Самұрық-Қазына» АҚ атқарушы директоры бұл жұмыстар биыл қаңтар-ақпан айларында аяқталатынын айтты.