«Қорғас-Шығыс қақпасында» 3,5 мың контрабандалық телефон тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қыркүйекте сағат 18: 30 шамасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» БӨБ аумағында «Алтынкөл» кеден бекеті қызметкерлері тұлғасы анықталмаған адамдардың Қытайда жасалған 3 570 ұялы телефонда алып өтпек болғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған тауардың құнын бағалау және оны алып өтпек болғандары анықтау жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы Мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент хабарлады.