Қорғас - Жетіген теміржол желісінің ұзақтығы 293 км. Жоба бойынша 14 жаңа бөлек бекеттердің ашылуы қарастырылған. Жоба құны 153,2 млрд.теңге.
Аталған жоба техникалық жағынан қиын болып табылады. 29 көпір, 2 жол өтпесі мен 307 су өткізетін құбырларды салу қарастырылған. Жер төселімін салу бойынша жұмыс көлемі 26,8 млн. м3. Қазіргі уақытта салынып жатқан желінің ұзақтығында су өткізгіш құбырларын орнатумен жер төселімін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шілденің 27-сіне дейін 4,7 мың м3 астам жер төселімі, 3,6 мың м3 су құбырларының темірбетон құрылысы салынды. Жолдың жоғарғы құрылысын салу бойынша жұмыстар басталып, құмды-қиыршық қоспасымен орнықтыру және рельс-шпалды торламалар салынуда. 40 мың тонна жаңа рельс әзірленіп, 29 км рельс-шпалды торламалар жинақталды.
90 километрден 293 километрге дейін учаскеде 14 көпір мен жол өтпесі құрылысы, сыртқы қуат жабдықтау объекттері мен ұзына бойы қуат жабдықтау желілері, Жетіген станциясындағы ғимараттар мен құрылыстардың салынуы үшін техниканы жұмылдырылуда.
Жобаны іске асыру басталғалы қаражаттың жалпы игерілуі 9,4 миллиард теңгені құрайды.
Құрылыс жұмыстарында 1 045 құрылыс пен жол техникалары, 1 200 адам жұмылдырылған. Жалпы, жобаны іске асыруда он бір мердігерлік ұйым қатысуда.
ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен құрылған Қорғас - Жетіген теміржол желісін салу жобасының іске асырылуын қадағалау бойынша штабтың жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні құрылыс алаңдарын аралаумен қоса, алты көшпелі отырыс өтті.