Қорғаста 27 шілдеден бастап багажды тасымалдау құны өзгереді

Фото: Фото: Александр Павский/Kazinform

ЖЕТІСУ. KAZINFORM — «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы багажды тасымалдау тарифін 1 келісі үшін 100 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

ШЫХО баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Қорғас аумағында багажды тасымалдау қызметін көрсететін компаниялардың бірнеше рет өтініші негізінде қабылданған.

«Багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын қызметті жақсарту мақсатында багаждың 1 келісі үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Тариф 2024 жылдың 27 шілдесінен бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жүк тасымалдаудың келісі 80 теңге. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі нүктесі. Ынтымақтастық орталығына кіріп-шығатын екі елдің саяхатшылары негізінен трансшекаралық туризм және шоппингпен айналысады.

Осыған дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» ынтымақтастық орталығы 24 сағат жұмыс істеуі мүмкін екені туралы жазып едік.