Жәрмеңке кезінде үш сауда орталығы жұмыс істейді: «Су Синь», «Цзян Юань» және «Чжун Кэ». 500-ден астам Қытай компаниялары өз тауарларының кең ассортиментін ұсынады: электроника және техника, киім және аяқкиім, автокөлік аксессуарлары және бөлшектері, шаруашылық және галантерея тауарлары, ойыншықтар және спорт тауарлары, перделер және аспалы шамдар, тондар мен былғары күртелер және т.б.
Жәрмеңке кезінде бағалар Үрімшідегіге қарағанда төмен болады. Қазақстан аумағына өткізілетін тауарларға егер оның сомасы 1500 еуроға дейін, көлемі 100х100 см-ден, салмағы 1 адамға 50 келіден аспайтын болса, кеден салығы салынбайды.