Алматы облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен ҚР ҚК-нің 293-бабынің 2-бөлімі, 380-бабының 1-бөлімі, 407-бабының 2-бөлімі бойынша сотталған Ш.Б. Алғайдар, А.М. Әлімхан, К.К.Мұхамеджанов және А.Төлебекұлына қатысты үкім өзгертілді, шартты айыптау жойылды.
Еске сала кетейік, 2015 жылы 8 сәуірде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет Кедендік тергеу басқармасы тергеу бөлімі ШЫҚО Қорғас «Шығыс қақпасы» кеден бекетінің маманы Т.Н.Бопауға қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.
Т.Н.Бопау ұсталғаннан кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне азаматтық қызметкерлер Ш.Алғайдар, А. Әлімхан, К.К.Мұхамеджан, сонымен қатар А.Төлебекұлы өзге анықталмаған тұлғалармен бірлесіп күш көрсетті.
Құқық бұзушылық әрекеттер салдарынан қызметкерлер жарақаттанып, дәйекзат - 50 000 теңге ақша ұрланып, видеокамераға зақым келтірілді. Сонымен қатар, кедендік бекет ғимаратында бүлік шығып, компьютерлік техника зақымдалып, жиһаз сынды.