Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда - ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты.
Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.
Сондай-ақ Петропавл шекара жасағының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Бұған себеп - автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.