«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы 26 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Оның қол жүгін тексеру барысында ірі көлемдегі тері өнімдері табылды.
Азаматша Қытайдан Қазақстанға 77 ішік пен желетке, 22 бас киім және 105 орамалды заңсыз өткізбек болған», - делінген хабарламада.
Факті жайында тиісті органдардың өкілдері хабардар етілді.