«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен», - делінген хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тауар иесі жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып қашіп кеткен.
Иесіз дәрі-дәрмекке хаттама толтырылып, құжаттар «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.