«Қорғаста» шекарашылар қойын-қонышына 15 телефон жасырған әйелді ұстады
04:20, 14 Сәуір 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қорғаста» шекарашылар 15 телефонды киімінің ішіне жасырып алып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара жасағы бақылаудың барлық түрін өтіп болып, Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстады.
Заңсыз тауар актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылған.