Бұл туралы Қазселқорғау сайтынан хабарланды.
Бүгінде «Қазселденқорғау» ММ Алматы облыстық пайдалану басқармасының құрамында 14 адам және 13 техника бірлігі жұмылдырылған механикаландырылған апаттық тобы жұмыс істеп жатыр.
2016 жылдың 27-шілдесінде Қорғас өзені - Қорғас ауылы бекетінде су өтімі 10-35 м3/с шамасында құбылды, судың лайлылығы - 1 балл, жауын-шашын тіркелген жоқ.
Қорғас өзенінде жағдай тұрақталды, су өтімі 25 м3/с құрайды. «Қолға алынған шаралар негізінде нысандарға төнген қауіп уақытша жойылды», - деп хабарлады Қазселденқорғау мекемесінде.