Әйел ұсталғаннан кейін адвокат бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, күзетпен ұстауды үйқамаққа ауыстыру мәселесін «шешіп беруді» ұсынып, 7 млн теңге талап еткен.
Әйел заңсыз мәмілеге барудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінген.
Жедел іс-шаралар барысында адвокат ақшаны алған бойда қылмыс үстінде ұсталған.
Сот үкімімен оған адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетелік прокурор мен судьяға пара беремін деп 5 млн теңге сұраған адвокат сотталды.