АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Эйбар» футбол клубының қорғаушысы Хосе Анхель немістің «Шальке» командасымен болған жолдастық кездесу барысында өз қақпасына гол соқты.
Кездесудің 67-інші минутында Анхель алаң ортасынан допты ала отырып, қақпашыға қарай бағыттаған. Алайда, ол қақпадан бірнеше қадам алға шығып кеткен еді.
Қорғаушының автоголы матч барысында соғылған жалғыз доп болды. «Шальке» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.