Қорық қызметкері елдің Қызыл кітабына енген жыртқыш аңды суретке түсіріп алды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш аң - қарақұлақты суретке түсіріп алды. Бұл туралы
— 2025 жыл сәуір айының 21 күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов Орталық Азиядағы ірі мысықтарды зерттеу, қорғау жөніндегі халықаралық жоба аясында Оңтүстік Үстірт пен Өнере аралығында жүргізген ғылыми экспедиция кезінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш аң қарақұлақты суретке түсірді, — делінген хабарламада.
Қарақұлақ-Каракал-Felis caracal — мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 65–82 см, құйрығының ұзындығы 25–30 см, салмағы 11–13 кг. Құлағының сыртқы жағы түгелдей қара және құлағының ұшында ұзын шашақтары бар. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарында және тау аңғарында кездеседі. Олар осындай ауданда тіршілік етуге бейімделген. Құмды жерде жақсы жүре алады, өйткені табандары жүнді келеді.
Айта кетелік Алматы тауларында қонжықтарымен бірге серуендеп шыққан қоңыр аю видеоға түсіп қалған еді.