Көрінеу жалған ақпарат бергені үшін Солтүстік Қазақстан тұрғыны сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тергеу барысында көрінеу жалған ақпарат бергені үшін 37 жастағы ауыл тұрғыны сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тайыншы ауданында наурыз айында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалған. Полицейлер қылмысты ашқан.

Шабуыл жасаған Келлеровка ауылының 1982 және 1975 жылғы тұрғындары ұстап, соттаған. Олар өз кінәларын толықтай мойындап, процессуалдық келісім жасалған.  Олардың бірі мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзету колониясында 3,5 жыл жазасын өтесе, екіншісіне пробациялық бақылаумен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тайыншы АІІБ бастығының орынбасары Марат Ахметбековтың айтуынша, бұл ҚР ҚК 420-бабы «Көрінеу жалған ақпарат беру» бойынша аудандағы бірінші қылмыстық іс. Соттың үкімімен ауыл тұрғынына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.