«Осы уақыттан бастап Пауль өзіне үйреншікті әрекеттермен, атап айтсақ, үйретушілермен ойнап, оны көруге келген көптеген балаларға қуаныш сыйлайды», - дейді океанариум қызметкерлері.
Осыған дейін Паульді ресейлік букмекерлер, сондай-ақ 30 мың еуроға испандық кәсіпкер сатып алуға тілек білдіріп отыр деген ақпарат пайда болған еді.
Еске сала кетейік, өз мәресіне жеткен Әлем чемпионатында Пауль сегіз матчтың нәтижелерін болжап, еш қателеспеген еді. Соңғы рет көріпкел-сегізаяқ Еуро-2008-де қателескен екен. Ол Испания мен Германияның финалдық жекпе-жегінде жеңісті немістерге болжаған-ды.