Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Көрісу күні аталып өтілді.
«14 наурызда Қазақстанда Отбасы мен қоғамды біріктіретін құндылықтарды нығайтуға бағытталған Көрісу күні аталып өтіледі. Бұл күні адамдар кездесіп, бір-біріне жақсылық тілейді, үлкендер кішіге игі істер үшін бата береді. Бұл күні адамдар жарқын киімдерді алдын ала дайындайды, мерекелік киім киеді, жақындары мен туыстарына қонаққа барады, алдағы жылға амандық тілейді», - деп атап өтті Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
Мерекеге келгендерді фойеде алтыбақан орнатылған радиогазет пен «Көркемтау» домбыра ансамблі, Ш.Қорғанбекованың «Дала тынысы» күйін орындаушылар, сондай-ақ ардагерлер халық хорының қазақ әйелдер вокалдық тобы «Наурыз» әнімен, ал «Кербез сұлу» халықтық -фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Балбырауын» күйімен қарсы алды.
Сонымен бірге, шараға қатысушылар ұлдар мен қыздарға арналған киімдердің тарихы, сондай-ақ, ұлттық әшекейлермен танысты. Ұлттық киімдердің үлгісін «Көкшетау», «Он алты қыз» және «Шалқыма» халықтық би ансамбльдерінің, сондай -ақ «Жұлдыз» лгілі вокалдық студиясының қатысушылары көрсетті.