«Көркем бильярд» шебері Флориан Колердің трюктары - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өз ісінің хас шебері Флориан Колер бильярд үстелінде физиканың қатып қалған тұрақты заңын табан асты етіп, небір адам сенгісіз трюктерді жасайды. Мұның бәрі сиқыр іспетті.

Физиканың қозғалу күші мен тұрақты теориясын қанша айтқанмен, мұның көру бір сиқыр әлеміндей әсер етері анық. Youtube әлеуметтік желісіне салынған бұл бейнежазбаның пайда болғанына аз уақыт өтсе де, оны төрт миллионнан аса адам тамашалап үлгерген.